Келген кезде қара бұлттың шабыты – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Келген кезде қара бұлттың шабыты» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2777
Келген кезде қара бұлттың шабыты,
Нұр жуады көк аспанның мауытын.
Құмның алып тасбақасын көргенде
Елестетем батырлардың сауытын.
Қайран қиял түрген ғарыш іргесін,
Әр уақытта қаламыммен біргесің.
Балға батқан бал арасын көргенде
Елестетем Ескендірдің мүрдесін.
Ойдан ащы болмас кейде ермен де,
Әлденеден көңіл шіркін шерменде.
Елестейді тұтқындардың киімі
Қамаудағы зебрлерді көргенде.
Сәл ойлансаң мынау тірлік қақында,
Тұлпар қиял тықыршиды тақымда.
Бір нәрседен басқа нәрсе көрмесе,
Жарамайды ол көз болуға ақынға!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері