Пәлсәпадан шаршай ма ми дегенің – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Пәлсәпадан шаршай ма ми дегенің» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2264
Пәлсәпадан шаршай ма ми дегенің,
Ер-тоқымсыз жіберіп ой дөненін,
Байлық қуған, шен қуған жұртты көріп,
Пенделігім ұстайды кейде менің.
Адам ойы о бастан сиқыр-қызық.
Алсам деймін елде жоқ үй тұрғызып.
Қойсам деймін
Қоршаулы кең сарайда
Тәулік бойы тынымсыз ит үргізіп.
Дарияға айналып дара жылға,
Періштені күң қылсам қара жынға...
Біреу емес, ағайын, қос машина,
Тұрса деймін азынап гаражымда.
Келген достар сағынып
Мауқын басып,
Төрде отырса өзара қауқылдасып.
Тиген сайын сыңғырлап жатса деймін
Күміс табақ жанында алтын қасық.
Тізгін беріп сөзуар асабаға,
Тартсам деймін тай басын дос ағаға.
О сақтай гөр!
Ондайда ару — өлең
Қызмет қып жүреді-ау босағада.
Тфә! Тфә!
Мұндай да бола ма өзі?!
Бұзба мені, байлықтың ала көзі!
Одан да мен
Жетектеп жыр-сұлуды
Кетпеймін бе сенделіп,
Дала кезіп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пәлсәпадан шаршай ма ми дегенің өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Пәлсәпадан шаршай ма ми дегенің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пәлсәпадан шаршай ма ми дегенің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пәлсәпадан шаршай ма ми дегенің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері