Өлең, жыр, ақындар

Тамыр жайып тағы да бір көк шынар

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2438
Тамыр жайып тағы да бір көк шынар,
Мәз боп қалды сұлулыққа тапшылар.
Сенің әрбір шумағыңа,
Жолыңа
Мына мендей қуанған жан жоқ шығар.
Ә дегенше ақын болып майталман,
Жырларыңа, түгін тартсаң май тамған,
Басқа түгіл,
Тіпті сенің өзің де
Мына мендей қуандың деп айта алман.
Енді қазір
Екі иығым бүлкілдеп,
Со бір кезге отырамын күлкім кеп.
Саған дейін ойламаппын мен бір де
Тап осылай жақсы жазу мүмкін деп.
Шын бақыт қой бағаласа ел еңбекті,
Ойдың гүлі сонда ғана өнбек-ті.
Қызықтым мен,
Қызықтым мен, жырыңа.
Ал қызғану ойыма да келмепті!
Іші тарлар түк істемей қалсын ба!
Соққы жейді талай-талай жыр сұмнан...
Кейін білдім:
Сол кезде сен — ақындық,
Мен өтіппін азаматтық бір сыннан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Революция дәуірі

  • 0
  • 0

Махаббатқа мас болған гүл айында,
Жауқазын жас, санаңды сынайын ба?!
Сен қалайсың?
Бүгінде революционер

Толық

Бүиі

  • 0
  • 0

Қасына алып мені ағам,
Қой бағысып жүр едім.
Бүйі көріп даладан
Дүрсілдеді-ау жүрегім!

Толық

Желөкпе

  • 0
  • 0

«Болса да қиын,
Пішеді киім
Апайым менің.
Әдемі етіп,

Толық

Қарап көріңіз