Аға берсін жанардан жас, бастан қан – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Аға берсін жанардан жас, бастан қан» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2379
Аға берсін жанардан жас, бастан қан,
Алайда мен қиянаттан жасқанбан.
Ал сен болсаң төркініңді жасырып,
Түскендей боп көрінесің аспаннан.
Аңыз емес,
Ертегі емес,—
Сыр тыңда:
Мен қырған мұрт — анау сенің мұртың да.
Жүргеніңді жасырасың өзіңше
Менің кеше көшіп кеткен жұртымда.
Тұяқ үні естілмей ме жел жақтан?
Келіп қондың қотаныма төл жатқан.
Мақтанасың жалыным деп, отым деп,
Қоламтасын кешегі оттың мен жаққан..
Мендей емес, рас, сенде бар күтім,
Ішесің сен сыраның да барқытын.
Әлі күнге сораптайсың су қосып
Менен қалған жыр-шәрбаттің сарқытын..
Жатып алып жексенбі күн, сенбі күн
Жазасың кеп,
Жазғаныңа сенді кім?!
Менің көне шалбарымды тазалап,
Тойға тағы киіп бардың сен бүгін.
Бірақ бөркің жанып тұрды төбеңде,
Мүмкін емес сыр жасыру өлеңде.
Кім сенеді сені — бізден, қарағым,
Бізді — Абайдан үйренбеді дегенге?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аға берсін жанардан жас, бастан қан өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Аға берсін жанардан жас, бастан қан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аға берсін жанардан жас, бастан қан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аға берсін жанардан жас, бастан қан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері