Әлем және дала
Бұл бетте «Әлем және дала» атты Қадыр Мырза Әли жазған табиғат туралы өлең берілген.
Қорғаймын деп кең байтақ атырапты,
Қырда талай ерттеген батыр атты.
Мен көрермін олардың көрмегенін:
Мен көрермін Везувий,
Ефратты.
Балалығым қып-қызыл қалды құмда.
Табу қиын енді оның қалдығын да.
Есті кезде аралап талай елді,
Көрермін мен Альпіні,
Андыны да!
Жиып-термей кемшілік,
Кінәратын,
Әлі талай арманды қуар атым.
Білем бірақ
Далаға жер жетпейді
Көкжиекке көзіңді суаратын!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі