Ақша қар
Бұл бетте «Ақша қар» атты Қадыр Мырза Әли жазған табиғат туралы өлең берілген.
Ақ уыздай ақша қарды басқан кім?!
Баспақ түгіл қарауға мен жасқандым.
Ақ қыраудың ақ қылынан тоқылған
Ақ шілтері селдірейді аспанның.
Аяз сорған алқап анау боп-бозаң.
Ал шаһарда көк түтіннен жоқ мазаң.
Тиіп кетсең,
Бұтағынан қайыңның
Мойыныңа сауылдайды ақ тозаң.
Жұлдызы жоқ,
Бірақ сүттей түнгі аспан
Қылаулайды,
Қылаулайды тынбастан.
Аппақ әлем сияқты бір диірменші
Кірпігіне дейін түгел үн басқан.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі