Екі көктем

Бұл бетте «Екі көктем» атты Қадыр Мырза Әли жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3313
Қаңтарында мығым еді мығымы,
Күннің ойын көзінен-ақ ұғынып,
Мақтасындай көнелеу бір көрпенің
Қардың жүні қалды бірден жығылып.
Айналаға тосқан алтын табақтар
Ару көктем үмітіңді әлі ақтар.
Терлеп-тепшіп,
Төбесінен бу шығып,
Қарауытып қалды күнгей қабақтар.
Саумал сәуле сырғығандай науадан,
Сіміреді,
Сіңіреді сау адам.
Бұтақтары бөртіп өрік ағаштың,
Наурыз иісі шығып-ақ тұр ауадан.
Жасыл көйлек киген күні-ақ таныс бақ,
Жүрек пенен жүрек жылап табыспақ.
Жыл көктемі бірте-бірте жақындап,
Өз көктемім бірте-бірте алыстап!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екі көктем өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Екі көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екі көктем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Екі көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері