Өлең, жыр, ақындар

Екі көктем

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3246
Қаңтарында мығым еді мығымы,
Күннің ойын көзінен-ақ ұғынып,
Мақтасындай көнелеу бір көрпенің
Қардың жүні қалды бірден жығылып.
Айналаға тосқан алтын табақтар
Ару көктем үмітіңді әлі ақтар.
Терлеп-тепшіп,
Төбесінен бу шығып,
Қарауытып қалды күнгей қабақтар.
Саумал сәуле сырғығандай науадан,
Сіміреді,
Сіңіреді сау адам.
Бұтақтары бөртіп өрік ағаштың,
Наурыз иісі шығып-ақ тұр ауадан.
Жасыл көйлек киген күні-ақ таныс бақ,
Жүрек пенен жүрек жылап табыспақ.
Жыл көктемі бірте-бірте жақындап,
Өз көктемім бірте-бірте алыстап!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нышан

  • 0
  • 0

Көз ұшында тартып көктем кернейді,
Кең даланы бір қуаныш кернейді.
Көн даланың әжіміндей
Қатқақ жол

Толық

Көк тоғай

  • 0
  • 0

Дыбысынан қашып шулы көшенің,
Бір-ақ қоржын дүние алып көшемін
Көк тоғайға жеткен бойда
Алдымен

Толық

Бәйге жыр

  • 0
  • 0

Қуаныш боп әлдилесе ғажап түн,
Кейде дәмін татып көрдім азаптың.
Биік те емес,
Төмен де емес ешкімнен

Толық

Қарап көріңіз