Құштарлық – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Құштарлық» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3583
Тіленіп-ақ тұрса да тамашаға,
Түсінеді халімді бала-шаға.
Әйтеуір мен құмармын тыныштыққа,
Әйтеуір мен құштармын оңашаға!
Сақал-шашым біршама ағарғанда
Душар болдым ғажайып көп арманға.
Әйтеуір мен құмармын өзен-көлге,
Әйтеуір мен құштармын көк орманға.
Бір сәттерді сағынып,
Мұң басқанда,
Бір өлеңім татиды мың дастанға.
Бүлдіргендей жұлдызды үзіп жейтін
Әйтеуір мен құштармын түнгі аспанға.
Алып қашып көңілім нұрлы асуға,
Асығамын майсаны бір басуға.
Әйтеуір мен құштармын
Күбір-күбір
Табиғаттың өзімен сырласуға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құштарлық өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Құштарлық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құштарлық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құштарлық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері