Біздің буын

Бұл бетте «Біздің буын» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4039
Біз кәдімгі Мауглиміз,
Тарзанбыз.
Жасанды емес,
Шын табиғи маржанбыз.
Қызықтырған жоқ біздерді қымбат зат,
Қызықтырған жоқ біздерді арзан қыз.
Қанатты біз қатпай жатып қомдадық.
Өзімізді тек өзіміз қолдадық.
Қол баласы болмадық біз ешкімнің,
Ешкімге де күшік күйеу болмадық.
Біздер үшін қасиетті ертегі,
Біздер үшін айтылған сөз — серт еді.
Емтиханның бәйгесіне ат қосып,
Оқуға да түстік біздер тер төгіп.
Жетектеген жоқ біздерді ағамыз.
Жүз жыртылып,
Жүз тігілген жағамыз.
Қандай білім болса мидың ішінде,
Дипломның ішінде сол бағамыз.
Аштау болдық,
Кейде шайға қанбадық.
Көмек сұрап бірақ та хат салмадық.
Енді бізде машина бар,
Оны да
Әкеміздің ақшасына алмадық,
Перзентіміз,
Перзентімін мен елдің.
Не болса да еңбегіммен көгердім.
Жүлдені де сұрап алмай, қарағым,
Тартып алдық көкпарында өнердің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздің буын өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Біздің буын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біздің буын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біздің буын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері