Бұл бетте «Еңбек және сұлулық» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тозды жастық желкілдетіп желегін.
Таба алмадым кәріліктің мен емін.
Есім кіріп,
Етегімді жиғалы
Еңбегіме сиынумен келемін!
Туған жерге тартып туған өлеңім.
Мен өнерде Махамбетпен бөлемін.
Дүниеге көзімді осы ашқалы
Сұлулыққа табынумен келемін.
Ант етемін ұстап жырдың жемісін!
Бұл өмірде басқа құдай жоғы шын.
Әр уақытта
Еңбек пенен Сұлулық —
Тәңір және Тәңірия мен үшін!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі