Сүйікті сүйел – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Сүйікті сүйел» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2059
Күнге тосып,
Желге тосып арқамды,
Еңбекпенен қарсы аламын әр таңды.
Қаламсаптан пайда болған сүйел бар
Менің мынау саусағымда ортаңғы.
Қанша жақсы көргенменен қыз үнін,
Кім өзгертер алақанның сызығын.
Бар дәулетім сол сүйелдің астында,
Сол сүйелдің үстінде бар қызығым.
Сол сүйелдің астында бар мақсатым.
Сол сүйелдің үстінде бар жақсы атым.
Саусағымды жауыр қылмай қаламмен,
Өзіме өзім ырза болған жоқ сәтім.
Бар бақыты көңіл деген сарайдың
Жемісімен есептелер әр айдың.
Біреу мені даттағанда — жырыма,
Мақтағанда — сүйеліме қараймын.
Шілдедегі шөлге тартқан каналдай
Ширек ғасыр келемін мен дем алмай.
Сыбағамның жоғалмасын сеземін
Саусақтағы сол сүйелім жоғалмай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйікті сүйел өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Сүйікті сүйел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйікті сүйел өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйікті сүйел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері