Бәйге жыр – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Бәйге жыр» атты Қадыр Мырза Әли жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4493
Қуаныш боп әлдилесе ғажап түн,
Кейде дәмін татып көрдім азаптың.
Биік те емес,
Төмен де емес ешкімнен
Мен кәдімгі қатардағы қазақпын!
Жоқ демеймін менде кемдік,
Менде мін.
Мініммен де,
Мұңыммен де елдемін.
Ешбір жаннан артық та емес,
Кем де емес
Мен кәдімгі қатардағы пендемін.
Басымды идім өзі басын игенге.
Мәз болмадым сәнді киім кигенге.
Көрген жоқпын кеудемді бір көтеріп,
Кіші-гірім кресло тигенде.
Жолдастарға ерген жоқпын желікпе.
Содан менің абыройым кеміп пе?!
Трамвай мен троллейбус тұрғанда
Қызықпадым одан басқа көлікке.
Диқанменен бірге орып егінді,
Бағбанменен алдым бірге өнімді.
Менің атам аты шыққан адам деп,
Елден оқшау қойған жоқпын тегімді.
Досқа деген көңілімнің парағы
Ықыласты сөзге толы, қарағым.
Жегенім де жұртқа таныс қара нан,
Ішкенім де кәдімгі орыс арағы.
Бірдей туыс эстоның да,
Татар да.
Шүкір деймін тірлігіме жатарда.
Озып кетпей,
Қалып қоймай ешкімнен,
Мен ырзамын жүргеніме қатарда.
Енді айтайын сөзімді сәл жаңартып,
Едірейме көзіңді сен алартып.
Ал өнерде
Жүргеніңше қатарда
Жүрмегеннің өзі, досым, көп артық!
Дұрыс болмас дарындыны жас десең.
Жасыңмен де,
Кәріңмен де бәстесем.
Бақ сынайтын жер жүзінің жүйрігі
Бәйге-өнерге мәстегіңді қоспа сен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәйге жыр өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Бәйге жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәйге жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бәйге жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері