Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Елу

Бұл бетте «Елу» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2875
Дұрыс көрдім
Келуді
Қарсы жүзіп тасқынға.
Ауылы бар елудің
Анау қырдың астында.
Естіп жатам тілегін,
Естіп жатам хабарын.
Бармай-ақ та білемін
Ол ауылда не барын.
Құрдастардай
Қылжақтап
Жасырмаймын жылымды.
Жігіттер бар ол жақта
Қойып кеткен шылымды.
Кемел бастар басқарған
Көрем күзгі парадты.
Ол ауылда достар бар
Қойып кеткен арақты.
Шыққанменен асқарға,
Қай көңілден қыз қалған!
Ол ауылда достар бар
Жас әйелін қызғанған.
Сол елуден таба алар
Сыншы сезім қорығын...
Ол арада аға бар
Қимай жүрген орынын.
Айлакер мен арамға
Ешқашан да жанаспан.
Біраз адам бар онда
Сый-құрметке таласқан.
Онда және өнімді
Артелі бар еңбектің.
Мүшесі боп сенімді
Сол артельге еңбекпін.
Не болса да
Еселеп
Көрем бәрін кезінде.
Ауылда емес мәселе,
Бар мәселе өзіңде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елу өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Елу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар