Алпыс

Бұл бетте «Алпыс» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3815
Амалсыздан көнеді адам болмысқа.
Алты қырдан асқаннан соң —
Жол қысқа.
Ал сен болсаң жиырмадасың,
Алаусың,
Алаумын деп күлме бірақ алпысқа.
Жан болғасын амал бар ма тозбасқа!?
Жетпіс жайлы,
Сексен жайлы сөз басқа.
Шындап кетсе,
Абыройды бермейді
Алпысында алабұртқан боз қасқа.
Сенбейсің ғой,
Сенбейсің ғой,
Бірақ та
Жаспен бірге суымайды жыр-аптап.
Білгің келсе
Алпыстағы ағаның
Қасиетін
Жас жеңгеннен сұрап бақ!
Оның бәрін жеткізе алмас сараң тіл.
Махаббатсыз өткен әр түн — арам түн!
Жалынына ұстай білсең жастықтың
Алпысыңнан тамшылайды сары алтын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алпыс өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Алпыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алпыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алпыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері