Өлең, жыр, ақындар

Алпыс

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3731
Амалсыздан көнеді адам болмысқа.
Алты қырдан асқаннан соң —
Жол қысқа.
Ал сен болсаң жиырмадасың,
Алаусың,
Алаумын деп күлме бірақ алпысқа.
Жан болғасын амал бар ма тозбасқа!?
Жетпіс жайлы,
Сексен жайлы сөз басқа.
Шындап кетсе,
Абыройды бермейді
Алпысында алабұртқан боз қасқа.
Сенбейсің ғой,
Сенбейсің ғой,
Бірақ та
Жаспен бірге суымайды жыр-аптап.
Білгің келсе
Алпыстағы ағаның
Қасиетін
Жас жеңгеннен сұрап бақ!
Оның бәрін жеткізе алмас сараң тіл.
Махаббатсыз өткен әр түн — арам түн!
Жалынына ұстай білсең жастықтың
Алпысыңнан тамшылайды сары алтын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сый

  • 0
  • 1

Құрап бүгін бастарын,
Келіп еді достарым.
Жинап алып ұл-қызды,
Кірпіштен үй тұрғыздық.

Толық

Белгісіз Бальзак

  • 0
  • 0

Жастығы мен арманы қатар жанған
Жігіт кезде жарлылық батар жанға.
Әлі әлемге белгісіз бала Бальзак
Мансарда да тұрады пәтер жалдап.

Толық

Бастау

  • 0
  • 0

Сәтім, сірә, тұйығыңа қамалған.
Алу, қосу — әйтеуір бір амалдан
«Екі» алдым да,
Бар шындықты жасырмай

Толық

Қарап көріңіз