Бұл бетте «Алпыс» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Амалсыздан көнеді адам болмысқа.
Алты қырдан асқаннан соң —
Жол қысқа.
Ал сен болсаң жиырмадасың,
Алаусың,
Алаумын деп күлме бірақ алпысқа.
Жан болғасын амал бар ма тозбасқа!?
Жетпіс жайлы,
Сексен жайлы сөз басқа.
Шындап кетсе,
Абыройды бермейді
Алпысында алабұртқан боз қасқа.
Сенбейсің ғой,
Сенбейсің ғой,
Бірақ та
Жаспен бірге суымайды жыр-аптап.
Білгің келсе
Алпыстағы ағаның
Қасиетін
Жас жеңгеннен сұрап бақ!
Оның бәрін жеткізе алмас сараң тіл.
Махаббатсыз өткен әр түн — арам түн!
Жалынына ұстай білсең жастықтың
Алпысыңнан тамшылайды сары алтын!
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі