Менің пірім

Бұл бетте «Менің пірім» атты Қадыр Мырза Әли жазған жоқтау өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3328
Марқұм Мырзахмет Бекболатовқа

Ойлануды бізден бұрын бастадың.
Ойынды да елден бұрын тастадың.
Сен алдымен қалқып алдың қаймағын,
Біз білімнің жеп жүргенде қаспағын.
Арман қуып,
Үміт күтсек алдан біз,
Ұлы ұстаздай сенен үлгі алғанбыз.
Сен тартты деп,
Ұстап қолға домбыра;
Сен салды деп,
Біз де сурет салғанбыз.
Өнерге де машық қылған сен едің.
Өлеңге де ғашық қылған сен едің.
Көп нәрсені ерте сездің,
Ерте ұқтың,
Сөйте тұра болдым,
Толдым демедің.
Енді қазір бұған кімдер сенеді.
Естелік те шам сияқты сөнеді.
Михаэльс көзін ашса Абайдың,
Мына менің көзімді ашқан сен едің.
Бала кезде
Сонау жігіт жасыңда
Жүздеген ой жүзуші еді басында.
Көрінуші ең Герцен болып сен маған
Огарев боп жүруші едім қасыңда.
Қиял шіркін теңдесі жоқ құс дейді.
Ол өзінің істейтінін істейді.
Сол қиялға берілгенде
Ақыл да,
Балалық та сенсіз еске түспейді.
Елге далаң дәл өзіңдей ұл берді.
Ғұмыры да ұзақ емес гүл берді.
Бәрін ерте бастап едің басқадан,
Өмірден де ерте кетіп үлгердің.
Кімге айтамын өзім жайлы арызды!
Ұмытпаймын мойындағы парызды.
Кеудемдегі жыр қазанын қайнатқан
Пеш менікі,
От сенікі тәрізді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің пірім өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Менің пірім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің пірім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жоқтау өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Менің пірім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері