Ғашық
Бұл бетте «Ғашық» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен не дейсің?
Ағайын, ол не дейді?
Көп дүние ол үшін көлегейлі.
Сүйгенінің қасында,
Басқа түгіл,
Періштенің өзін де елемейді!
Ғашық жандар қызық қой —
Көз ілмейді.
Құдірет те,
Құдай да өзім дейді.
Құшағында тұрғанда қуаныштың
Кесіп алсаң құлағын... сезінбейді!
Ұмыттырып барлығын ғашық әні,
Інжу болып,
Маржан боп шашылады...
Көз дегенің жұмулы!
Көзі кейін
Ашылады,
О-ох, қалай ашылады!!!
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі