Даңғаза даңқ

Бұл бетте «Даңғаза даңқ» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2837
Даңқтың да мінезі сәл өзгерген,
Сөйлесетін болыпты ол да езбенен.
Осалдығын білгеннен соң оның да
Айға қолын созады екен кез келген.
Парыз қайда!
Ұмыттық па парызды?!
Жұлдыз сұрап жазады жұрт арызды..
Даңқ сенен — еңбек емес —
Кей кезде
Қонақасы дәмететін тәрізді!
Ұмыттық па абыройды,
Ұятты?!
Қанаттыдан озам дейді тұяқты.
Даңқ енді,
Шоқтығыңа қарамай,
Тоқтығыңа қарайтұғын сияқты!
Бауырым-ау!
Не болады түбінде?!
Шарап-шындық барады ашып күбіңде...
Ел аралап жүретұғын сері даңқ
Омырауға жиналыпты бүгінде!
Дарын туған жөргегінен жер үйдің,
Даңққа бұл не болды деп жоримын.
Жанға құлақ түрмеуші еді
Ол енді
Айтқанынан шықпай қапты жюридің!
Ермей елдің өсегіне,
Сөзіне,
Нағыз талант түседі өмір тезіне.
Бірақ оны көрмейтінді шығарды —
Бұл даңқтың ақ түскен бе көзіне?!
Жалған атақ күнде тойын тойлайды.
Осыны кім?
Осыны кім ойлайды?!
Халық бірақ
Түбі шикі сыйлық пен
Шын даңқты шатыстыра қоймайды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Даңғаза даңқ өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Даңғаза даңқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Даңғаза даңқ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Даңғаза даңқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері