Бақыт
Бұл бетте «Бақыт» атты Қадыр Мырза Әли жазған бақыт туралы өлең берілген.
Бір құдірет бізді өмірге жолдайды.
Біз өмірді түсінбейміз,
Сол — қайғы.
Туа сала таудай бақыт күтеміз,
Ал шынында бақыт үлкен болмайды.
Лүпілдеген тамырындай шекенің
Жеке сағат,
Жеке тәулік,
Жеке күн.
Үлгермейміз түсініп те,
Байқап та
Кейбір сәттің нағыз бақыт екенін!
Құс сияқты сезінбейтін қанатын
Бақыт — сәби білмейтұғын әлі атын.
Бақыт! Бақыт — ғажайып бір дәм ғана
Сүйгеннен соң ерініңде қалатын!
Ақындардың көмейінен жыр ақса,
Кейбіреулер сөз бәйгеде жүр ақсап.
Бақыт шіркін асыл болса — бір мысқал,
Бақыт шіркін уақыт болса — бір-ақ сәт!
Мүмкін емес бұл өмірден исіну.
Болу керек ән әдемі,
Күй сұлу.
Бақыт деген бұлтты күні — жадырау —
Бақыт деген жұмыс болса — сүйсіну!
Келтіретін адам болсаң елге мін,
Неге керек босқа өмірге келгенің!
Бақыт егер байлық болса — бергенің,
Керек болса — Отан үшін өлгенің!
Өмір мына лыпып тұрған ұстара.
Өлім келсе,
Қай туысың түсті ара?!
Бар ғұмыры басқа қонған бақыттың
Көбелектің ғұмырынан қысқарақ!
Бір құдірет бізді өмірге жолдайды.
Біз өмірді түсінбейміз,
Сол — қайғы.
Бақыт үлкен болған емес шынында,
Ал қайғының кішкентайы болмайды!
Керемет екен!!!
Өте керемет!
Қадыр Мырза Әлинің Бақыт өлеңі маған ұнады
Маған өте қатты ұнады
Азиза
Керемет өлең екен. Маған ұнады. Қадыр Мырза әлидің өлеңдері мықты ғой. Өлеңдері жасай берсін. Алға
29.03.2024ж
Өлеңдері керемет екен
Оте керемет олен мен осы оленын аркасында 1 орын 100.000 тг утып алдым рахмет????
Мәәә жаттау керек????????
Өте керемет мағынасы терең өлең
керемет керемет керемет
Ғажап!!!
унамагандар быргемыз
Өте керемет
Әдемі өлең екен
Әдемі өлең екен
Оте кушты, магынасын тусынгенге жаксы❤
Мен кекешпін және маған ертең жарыс мен не істим ????????????????????
Кушты
күшті
Керемет, өте мағыналы ????
Өте керемет өлең
Жаттау керек емае
Бақыт — ақша мен мансап емес, күнделікті өмірдегі ананың күлкісі, әкенің жылы сөзінде, үйің мен жақындарыңмен бірге өткізген әрбір сәтте жатыр. Осындай қарапайым нәрселерді түсіну — шынымен бақытты болу. Қадыр Мырза Әли мықты! bilim-all.kz супер! Рахмет!
«Бақыт» өлеңі өте мағыналы жазылған екен. Өлеңде шынайы бақыттың ақшада немесе байлықта емес, отбасының жылуында екені өте әсерлі жеткізілген. Анаңның күлкісі, әкенің мейірімі, туған-туыстың жақындығы – нағыз бақыт екенін автор жақсы көрсеткен. Осындай терең ойлы қазақша өлеңдерді оқығанда өмірдің қадірін түсінесің. Мағынасы да, тәрбиелік мәні де өте жоғары шығарма.
Супер