Бұл бетте «Ой мен тыныштық» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Желпілдемей, желікпей
Жағдайымды сезе ғой.
Оқтан қашқан еліктей
Айқай-шудан безеді ой.
Келеді ылғи именіп
Көршілерім, туысым.
Басып қоям үйдегі
Телефонның дыбысын.
Бұлдаудайын бұлдаймын
Қазақ күйін, батырым.
Бірақ оны тыңдаймын
Қойып қойып ақырын.
Дүрілдеген қыратта
Тракторға өш емен.
Қыдырамын бірақ та
Машинасыз көшемен.
Жаңғырығып байтағы,
Жаһан үркіп кетердей,
Айтарымды айтамын
Дауысымды көтермей.
Сәби жырға мақтадай
Керек майда алақан.
Тыныштықта тек қана
Басады ой балапан.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі