Темір

Бұл бетте «Темір» атты Қадыр Мырза Әли жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4135
Жиырмасыншы ғасырдың төрінде өсіп,
Жұқартамыз жүйкені керілдесіп.
Темір табыт бұйырып кейбіреуге,
Тербетеді сәбиді темір бесік.
Темір-бетон үйдің де қабырғасы.
Ғалымдардың темірден ауыр басы.
Темір түйме,
Темір жіп,
Темір тарақ,
Темір табақ,
Темір тіс,
Темір қасық.
Темір көсеу заводта көмір көсеп,
Темір жырын тыңдасаң — өмірге есеп.
Темір тұлпар жеткізіп жер түбіне,
Түнде сені күтеді темір төсек.
Темірғали, Темірбек — не бір есім
Танытады қазақтың Мэгресін.
Парктердің қоршауы — темір қоршау,
Банктердің есігі — темір есік.
Темір жолдар жатқанда тамырланып,
Аңқау болып бекерге аңырмалық.
Су астында жүйткиді темір қайық,
Темір қайық, яки темір балық.
Қуанышты көргенде негр бізді,
Құшағында достықтың өмір қызды.
Бомба деген бар темір жұмыртқалар,
Темір қырғи,
Бар және темір құзғын.
Темір,
Темір...
Біз кеше өлең-жыр ек.
Бәрін еске аламын мен елжіреп.
Керек бізге темір күш,
Темір төзім.
Керек емес жалғыз-ақ темір жүрек!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Темір өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Темір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Темір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Темір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері