Біз өзіміз жауап емес – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Біз өзіміз жауап емес» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4230
Біз өзіміз жауап емес —
Сұрақпыз.
Желді күнгі суылдаған құрақпыз.
Өтіп жатыр,
Өтіп жатыр жас дәурен.
Өтіп жатыр,
Қайғырмаймыз бірақ біз.
Сияқтымыз секеңдеген кенгуру.
Қиын боп па бір мамандық меңгеру
Ішті қалай пыстырмайды
Тек қана
Тамақ ішу,
Киім кию —
Күн көру?!
Қаңтар кетіп,
Наурыз келіп,—
Жаз келіп,
Жатқан кезде аққу ұшып,
Қаз қонып,
Өмір сүру —
Қол қою ма тек қана
Еңбекақы алғаныңа мәз болып?!
Кімдер бізді,
Кімдер бізді түзейді!?
Күйбең тірлік күндеріңді күзейді.
Алдарқатып айқай-шуы базардың,
Ой салады тыныштығы музейдің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біз өзіміз жауап емес өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Біз өзіміз жауап емес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біз өзіміз жауап емес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біз өзіміз жауап емес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар