Жапырағын жайып ауыл терегі

Бұл бетте «Жапырағын жайып ауыл терегі» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3258
Жапырағын жайып ауыл терегі,
Жас-кәріге көлеңкесін береді.
Не болса да шындықты айтып
Достардан
Өкпе естимін,
Сол ма маған керегі?
Бәрі жақсы,
Бала-шаға дін аман.
Тірлікке бұл тіл тигізбен,
Сынаман.
Бірақ өзім өлең жазып,
Сол үшін
Сөз естимін,
Сол ма менің сыбағым?!
Тұнық көлдей көрінеді түптегім
Таусылған жоқ өнердегі құт-кенім.
Бір сорлыға көмектестім,
Өзіме ол
Қарсы шықты,
Сол ма менің күткенім?!
Үмітпенен атып ылғи ақ таңым,
Адамдарды мадақтадым, мақтадым.
Сүрінгенді сүйеп едім,
Ол мені
Шалып жықты,
Сол ма менің тапқаным?!
Айтар болсам ашуланбай,
Тасымай,
Қате өзімде,
Қате менде, досым-ай!
Білмедім ғой кім екенін олардың.
...Білгенде де істер едім осылай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жапырағын жайып ауыл терегі өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Жапырағын жайып ауыл терегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жапырағын жайып ауыл терегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жапырағын жайып ауыл терегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері