Айта алмаймын кеткен жоқ деп түгім де
Бұл бетте «Айта алмаймын кеткен жоқ деп түгім де» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айта алмаймын кеткен жоқ деп түгім де.
Талай түйін пайда болды жібімде.
Асау едім,
Енді қолға үйренген
Цирктегі тұлпар болдым бүгінде.
Қуаныш пен қасіреттің жігінде
Бірте-бірте ауырлады жүгім де.
Өзен едім,
Жан-жағынан бөгелген
Толқыны жоқ тоған болдым бүгінде.
Төсек тартып жататұғын күнім бе?
Удай ащы таблетка тілімде.
Тек алдыма қараушы едім,
Жалтақтап
Енді артыма көп қараймын бүгінде.
Қайтер екем, қайтер екем түбінде?!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі