Мен отырмын жер ортасы жасқа кеп –
Қадыр Мырза Әли
Бұл бетте «Мен отырмын жер ортасы жасқа кеп» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен отырмын жер ортасы жасқа кеп
Басқа буын,
Енді қазір басқа леп.
Айналайын, ақылдысың,
Алғырсың,
Айтар болсам тіл-ауызым тасқа деп.
Жарық жұлдыз оңың менен солыңда
Жатқан тау жоқ,
Жатқан су жоқ жолыңда.
Дарының да,
Арының да бар, шүкір,
Не істесең де —
Бәрі, бәрі қолыңда!
Асқар анау —
Аспан анау —
Ұшыңдар!
Арман анау,
Ару анау—
Құшыңдар!
Не болса да түсінетін ақыл бар,
Тепсең темір үзетұғын күшің бар.
Айналайын,
Бір нәрсені ұқ бірақ:
Көрпе тігу емес тірлік шыт құрап.
Данамыз ба?
Өмір бізден даналау.
Мықтымыз ба?
Өмір бізден мықтырақ!
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі