Жүрегімнің қайда түйін-байлауы
Бұл бетте «Жүрегімнің қайда түйін-байлауы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүрегімнің қайда түйін-байлауы?!
Махаббаттың болмас күнде сайлауы.
Кәріліктің қыстауы бар,
Жастықтың
Болуы да керек жасыл жайлауы.
Тұрған кезде ақ сәлделі
Алатау,
Олай демей,
Бұлай деуім ағат-ау!
Сол бір жасыл жайлауында жастықтың
Болу керек ақ жұмыртқа ақ отау.
Жігіттігің — керемет бір дара кез.
Дара кезден түк шығармай барады ез.
Болу керек жасыл жайлау,
Ақ отау.
Ақ отауда болу керек қара көз.
Мен өмірдің іздемеймін жақұтын.
Жақұтыңнан қымбатырақ уақытым.
Ақ отауда болу керек қара көз
Қара көзде болу керек бақытың!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі