Қайран менің қызғалдақты көктемім – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Қайран менің қызғалдақты көктемім» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2905
Қайран менің қызғалдақты көктемім!
Қалай сені беріп қойғам теп-тегін?!
А-ха-хамен,
О-хо-хомен жүргенде
Білмей қаппын мезгілімнің өткенін.
Төңірекке болған еді аты аңыз:
Сол аңызды әлі тыңдап жатамыз,
Иіліпті садағындай батырдың
Бір кездегі жебедей тік атамыз..
Көбейгенмен елдің етер тәжімі,
Сиреп біткен абысыны, ажыны,
Қандыағаштың теміржолы сияқты
Енді қазір әжеміздің әжімі.
Ойдың өзі суала ма желінше,
Басып қапты естеліктің көбін шөп.
Бір кездегі сыбызғыдай сұңғақ қыз
Енді көрсең —
Контрабас келіншек.
Біз сияқты қайғырмай да налымай
Бара жатыр көк аспанда балық-ай,
Басқа басқа...
Альбомдағы
Қалдым мен
Бір кездегі өзімді өзім танымай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайран менің қызғалдақты көктемім өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қайран менің қызғалдақты көктемім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайран менің қызғалдақты көктемім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайран менің қызғалдақты көктемім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар