“Қоңырдың” қоңыр сағымы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 03.10.2020
  • 0
  • 0
  • 937
(Әбікен Қасенов рухына)

Қардың бетінде қылтиған қурайдың сынған ұшын
Үрлейді желі Арқаның
Бейуақ сайын ызыңдатып.

Топты қарғаның
Тоқсан жыл бұрынғы шаттығын аңсап Қарқылдасқанын естіп
Оянып кетемін ұдайы,
Бейіт үстіне салынған сарайда үрейлі түс көріп жатып.

Дар ағашына байланған арқанды есіп жатып оянып кетемін,
Жазалының басына киілетін қапты тігіп жатып оянып кетемін,
Сәбидің уыз етін салған қазанға от жағып жатып оянып кетемін.

Ояна сала сағатқа қараймын
Он екіні көрсетеді де тұрады.
Ояна сала календірге қараймын,
Он екіні көрсетеді де тұрады.
Ояна сала тысқа қараймын
Әлемды әппақ қар сіресе бүркеп жатады
Жұлдыздарды да басып қалғысы келетінін
Ызбарлы тыныштығымен аңғартып.

Құлағымның түбіне
Сәби күнімде атам шерткен бір әуен келеді сосын.
Дәл сол күйді шертіп бола бергенінде
Әппақ сақалнан сорғалап түскен бір тамшы
Домбыра ішегін быж еткізіп күйдіріп
Үзіп кеткен еді,
Содан кейін домбыра сыңар ішегі тағылмаған қалпында
Ешкімнің қолы тимеген беті тып-тыныш қана тұратын болды
Төр жақта ілініп.

Далада желтоқсанның ызғырық самалы дүниені тынымсыздана кезіп жүр,
Қурайлардың ызыңы қар астындағы әлемді оятқысы келетіндей
Үзіліп барып жалғанып,
Үзіліп барып жалғанып…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

“Қоңырдың” қоңыр сағымы өлеңінің авторы кім?

Арман Әділбек — осы өлеңнің авторы.

“Қоңырдың” қоңыр сағымы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

“Қоңырдың” қоңыр сағымы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Арман Әділбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

“Қоңырдың” қоңыр сағымы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері