Мінез деген әртүрлі – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Мінез деген әртүрлі» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2053
Мінезі адам әртүрлі
Мылжыңнан құдай сақтағай.
Тудырар біреу шуақты,
Ал біреу дауды жоқтан-ай.
Мінейді сені, өзгені,
Құтылғың келер даусыз-ақ.
Пісірім сүттің мезгілі
Төзімді бітер таусып-ақ.
Кейбіреу келер тым тұйық,
Біреулер жүрер сымпиып.
Кейбіреу күлер жай ғана,
Жүреді біреу шын күйіп.
Алатын жанды сезіне
Бермейді кісі кезіге.
Әртүрлі үріп, қабады
Ит екеш иттің өзі де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері