Айсәулем – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Айсәулем» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1735
Аялдамай алтын күн бел асқанда,
Айдың жүзі дөңгелер көк аспанда.
Бір көрінші жарқырап туған айдай,
Он сегіздің ауылынан адасқанда.

Қайырмасы:
Ән тербетіп,
Қоңыр желдетіп,
Көктем көшті көңілімнен
Керуендетіп.
Сағынғаным­ай, сарғайғаным­ай,
Осы еді сені армандап,
Салған әнім­ай,
Сәуле жаным­ай!

Мөлдіреген көзімнің қарасында,
Балдәуренді ойыңа аласың ба?
Қанатыңды талдырып қарлығаштай,
Сағынғанда айналып соғасың ба?

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері