Дариға-дәурен – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Дариға-дәурен» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 4582
Аққу-қаз әуелейді қалықтаған,
Қайтейін, қанатым жоқ, қалып барам.
Жүрегім құс боп ұшып кетті-ау бірге,
Жылатып жалғыз қалай алып қалам,
Дариға-дәурен!
Жаз көшіп омырауын алтындаған,
Айдын көл мұңаяды салқындаған.
Басынан Төлегендей ғашықтардың
Айналып алты қаздай қаңқылдаған,
Дариға-дәурен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері