Қандай сұлу дүние! – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Қандай сұлу дүние!» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 2375
Көзімді ашсам жайнаған күнді көрем,
Нұрды көрем бұлттарды тілгілеген.
Тауды көрем, көремін көк орманды,
Гүлді көрем жібектей үлбіреген.

Қайырмасы:
Қандай сұлу дүние, қандай сұлу,
Қызыл жасыл сәулеге боянатын!
Қандай сұлу дүние, қандай сұлу,
Күнмен бірге күлімдеп оянатын!

Кең даланы, өзенді, көлді көрем,
Құсты көрем қанаты желбіреген.
Сені көрген көзімнің арманы жоқ,
Таңғажайып дүние мөлдіреген!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері