Өлең, жыр, ақындар

Жаңылтпаштар

  • 24.11.2015
  • 0
  • 1
  • 8018
(қолжазбасы бойынша)

1. Қырда қылау.
Қызыл ала бұзау.
Жатыр жалмаң құлағы,
Қиқу қыздардың қызыл ала тырнағы.
Қызыл тырнағы қылтылдақ,
Сүйір тырнағы жылтылдақ.

2. Тауда татақ тарғылша,
Матақ суда сотақ,
Солқылдайды қу бұтақ.

З. Отырар таудың басынан
Отау тікпек ойнайық.
Ор киіктің (ор қоянның ) терісін
Сыпыра (отыра) сілікпек ойнайық:
Олай сілікпе, бұлай сілік,
Жан-жағыңа қарай сілік,
Отарбайдың үйін сілік,
Үйі толған қызын сілік,
Семіз қызын серпей сілік,
Арық қызын аяй сілік.

4. Мынау кімнің қотаны,
Қайын атамның қотаны.
Қотаныңда қос терек,
Жайылып шыққан (айналасы) жас терек.
Қайын атамның қотаны,
Маған тік тұрды,
Мен қайын атамның
Қотанына тік тұрдым.

5. Жүк үстінде төрт бөрік,
Төртеуі де көк бөрік,
Кел, қыздар, сол бөрікті тігіселік, сөгіселік!
Кел, қыздар, тігіселік, сөгіселік,
Кел, қыздар, тігіселік, сөгіселік!

6. Дарияның ортасында сең келеді,
Сеңменен сексен серке тең келеді.
Сексен серке біреуін ұстап алып,
Сақалын суға салып-малып,
Сілкіп, сығып, сақалын суға малып-малып,
Сілкіп, сығып, сақалын суға малып-малып,
Сілкіп, сығып!

7. Жаңбыр жауып келеді, қар аралас,
Насыбайдың ішінде күл аралас.
Бір топ қатын келеді қыз аралас,
Ойпаң жерге шөп шығар көде аралас.



Пікірлер (1)

адия

маган керегіде осы еді

Пікір қалдырыңыз

Бата үлгілері

  • 1
  • 1

Иа, Құдайым, жарылқа:
Жарылқасаң, малды қыл,
Біткен жұрттың алды қыл,
Бұтан қас сағынғанның

Толық

Жүсіпбек Аймауытұлына

  • 0
  • 0

Мен "мимнан" бір сәлем хат "жым" ініме
Шырағым, ант амансыз, нан тіліме.
Отырмын бұ жалғаннан үзіп күдер,
Жеткен соң жер таянған мезгіліме.

Толық

Қиянат

  • 1
  • 1

Жақсы қыз бозбалаға пар болғандай,
Жiгiтi душар болса, жар болғандай!
Теңi емес бiр жауызға (пасыққа) берсе егер (агер),
Көңiлi көтерiлмей, зар болғандай!

Толық

Қарап көріңіз