Жұлын көк – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Жұлын көк» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3155
Толқынды сұлу жалы бар,
Желден жүйрік жұлын көк
Жайылып жүр жануар,
Көк шалғынды жұлып жеп.
Кекілін өрген айырып,
Мүшесі сұлу киіктен.
Қос құлағын қайырып,
Секіретіндей биіктен.
Сарыарқаны сайранда,
Жайыла бер, жұлын көк.
Тачанкада майданда,
Сендей өрен құлын көп.
1943


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері