Сені іздеймін – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Сені іздеймін» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1390
Сені іздеймін, ей, қалқа, сені іздеймін,
Аңсағанда ақ таңға көз ілмеймін.
Сен жоқ жерде айырылған сыңарынан,
Сынық қанат аққудың өзіндеймін.
Құрбы­-құрдас қасымда, жолдасым да,
Қызық, думан, тамаша, ән де осында.
Төрт құбылам түгел сай болғанымен,
Жоқсың бірақ, қайтейін, сен қасымда.
Ай мен күндер асығыс алмасуда,
Сағынышым сәт сайын жалғасуда.
Зәмзәм суын ішкенім неге керек,
Сені іздейді жүрегім шөл басуға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері