Ит "достығы" – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Ит "достығы"» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 2
  • 7165
Екі төбет кездесіп,
Жер ошақтың басында,
Отырысты тілдесіп,
Ешбір жан жоқ қасында:
"Нәсіліміз бір еді,
Кел таласты тастайық,
Мәңгі достық, бұл тегі —
Болсын, бүгін бастайық", —
Деді - дағы қос төбет,
Бірін-бірі жаласты,
Сөйткенше бір кесек ет
Ортаға түсті... Таласты.
Айтылған сөз, берген серт
Қалды ошақтың басында,
Жұмарлады көк төбет,
Дос не керек, ашында!


Пікірлер (2)

Бөлекбай Айкөркем

Өленнін музикасы жоққой

Бөлекбай Айкөркем

Өленнін музикасы жоққой

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері