Ауа райы көңілдің құбылады

Бұл бетте «Ауа райы көңілдің құбылады» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 3
  • 8461
Ауа райы көңілдің құбылады.
Құбылады,
Кім оны ұғынады?!
Қыран ойлар оянып ұйқысынан,
Түлкі сезім қалыңға тығылады.
Ауа райы көңілдің құбылады.
Құбылады,
Кім оны ұғынады?!
Ақ боз аты арманның
Ойда жоқта
Жүйткіп келе жатып-ақ жығылады.
Ауа райы көңілдің құбылады.
Құбылады,
Кім оны ұғынады?!
Дуылдаған жастықтың күні батып,
Нұры өшеді шаттықтың шұғылалы.
Ауа райы көңілдің құбылады.
Құбылады,
Кім оны ұғынады?!
Өте шығар өмірің еске түсіп,
Жанарыңа тамшы жас тығылады.


Пікірлер (3)

Жанару

Ауа рай таппақ

Аяжан

4қатар керек еді

жанерке

кушты мугалим 5 койди

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауа райы көңілдің құбылады өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Ауа райы көңілдің құбылады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауа райы көңілдің құбылады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауа райы көңілдің құбылады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері