Адам мынау үйренген соң тұрмысқа –
Қадыр Мырза Әли
Бұл бетте «Адам мынау үйренген соң тұрмысқа» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Адам мынау үйренген соң тұрмысқа,
Алдына оның түсе алмайды құмырсқа,
Ал бөлгенде сол еңбектің жемісін,
Артық алсам дейді пенде бір мысқал.
Алыспен де,
Жақынмен де арбасып,
Өгізі өліп,
Сынар сосын арбасы...
Артық емес,
Бірақ бақыт балынан
Артық татсам деп тұрады бір қасық.
Адам және қанша сарай тұрғызды?!
Сол сарайға қанша аруды кіргізді?!
Артық емес,
Адам бірақ өмірде
Артық сүйсем деп тұрады бір қызды,
Айналайын, болса мұндай сенде мін,
Ауру жандай өзіңді-өзің емдегін!
Кімсің дерсің ақыл айтқыш,
Сынағыш?
Кім болушы ем,
Мен де өзіңдей пендемін!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі