Сол сияқты іздегенің сенің де

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3858
Сол сияқты іздегенің сенің де.
Солай ма еді?!
Солай шығар тегінде!
Көзді жұмып бір өтірік айтып ең,
Сол арқылы кіріп алдың сенімге.
Ұмыттың тез шындық толы шат күнді,
Өнер бірақ кешірмейді сатқынды.
Шапан кидің — бір өтірік айтып ең,
Тағы өтірік айтып едің — ат міндің.
Әрбір сөзің о жағынан өте ірі.
Сол сөзбен-ақ мал таптың сен отырып
Жаңа сойған қойға айналып,
Сен үшін
Жаңа піскен нанға айналды өтірік.
Сен бірақ та кеней берме көмейді.
Уақыт ертең бәрін екшеп, елейді.
Тарих әсте
Ақиқатқа — шындықпен,
Өтірікке — жалғанменен телейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сол сияқты іздегенің сенің де өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Сол сияқты іздегенің сенің де өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сол сияқты іздегенің сенің де өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сол сияқты іздегенің сенің де өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері