Сол сияқты іздегенің сенің де
Бұл бетте «Сол сияқты іздегенің сенің де» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сол сияқты іздегенің сенің де.
Солай ма еді?!
Солай шығар тегінде!
Көзді жұмып бір өтірік айтып ең,
Сол арқылы кіріп алдың сенімге.
Ұмыттың тез шындық толы шат күнді,
Өнер бірақ кешірмейді сатқынды.
Шапан кидің — бір өтірік айтып ең,
Тағы өтірік айтып едің — ат міндің.
Әрбір сөзің о жағынан өте ірі.
Сол сөзбен-ақ мал таптың сен отырып
Жаңа сойған қойға айналып,
Сен үшін
Жаңа піскен нанға айналды өтірік.
Сен бірақ та кеней берме көмейді.
Уақыт ертең бәрін екшеп, елейді.
Тарих әсте
Ақиқатқа — шындықпен,
Өтірікке — жалғанменен телейді.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі