Өлең, жыр, ақындар

Бір әңгіме тыңдашы, ұлан, менен

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2297
Бір әңгіме тыңдашы, ұлан, менен.
Жекжаттығым жоқ емес бұланменен.
Тамырласпын,
Тектеспін тарпаңменен,
Тағдырласпын,
Түздеспін құланменен.
Кей кездерде түспейтін барыстан кем,
Өліп кете жаздаймын намыстан мен.
Жеті атадан қосылам жолбарыспен.
Алты атадан қосылам арыстанмен.
Тағдыр қолы жақсылап сілкігенде,
Аз болмайды құсаның бұлты менде.
Ақ аюдың өзімен ағайынбыз,
Ағайынбыз айлакер түлкімен де!
Осылай деп атапты алаш атам,
Туыстықпен сұлу ғой тамаша таң,
Қоңыр қазбен бөлемін,
Айдындағы
Аққу ару — ол менің нағашы апам.
Біздер үшін көз жасы тамшылаған
Табиғат бір кәрі әже,
Шамшыл ана...
Бәрі маған туысқан аң мен құстың,
Құныкерім сияқты аңшы маған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Не үшін?

  • 0
  • 16

— Екі көзің не үшін керек?
— Жақсыларды көру үшін!
— Екі қолың не үшін керек?
— Елге көмек беру үшін!

Толық

Менің пірім

  • 0
  • 0

Ойлануды бізден бұрын бастадың.
Ойынды да елден бұрын тастадың.
Сен алдымен қалқып алдың қаймағын,
Біз білімнің жеп жүргенде қаспағын.

Толық

Жарыс

  • 0
  • 1

Қара су боп тер ақты,
Қызып алған денеміз.
Түріп алып балақты
Жарысып біз келеміз.

Толық