Жұмақ

Бұл бетте «Жұмақ» атты Қадыр Мырза Әли жазған жәннат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3285
Көк шалғынды жапырса
Киіз үйдің іргесі;
Сұлу жеңгең сапырса
Сары қымыздың бір месін;
Ән-жырыңа елтісе
Әулие жер,
Асыл жер;
Тотай болып желпінсе
Таудан соққан жасыл жел;
Айқындасаң ойыңды,
Ақын көңіл жыр көзеп;
Қымыз билеп бойыңды,
Қалғып кетсең бір мезет;
Өңіңдегі жұмақты
Көрсең сосын түсіңде;
Түрсең екі құлақты
Талдай нәзік мүсінге;
Жапан-дала сияқты
Жатқандай бір той аңсап?
Дүбірлеген тұяқтың
Дыбысынан оянсаң;
Жоқ ешқандай алаңың,
Бір тынығып алдың ба?!
Дастарқаны даланың
Дайын тұрса алдыңда;
Құда түссең салтымен,
Қалай айтар қыз өкпе?!
Жолығыссаң,
Салқынмен
Шығып түнгі күзетке.
Ол да сендей көздеген
Бақыт атты бұлақты...
Ойлап тапқан сөз деме
Көп естіген жұмақты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмақ өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Жұмақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұмақ өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жәннат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жұмақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері