Эшелон

Бұл бетте «Эшелон» атты Қадыр Мырза Әли жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1932
Ақ көңілді қара көз ем
Ауызданған көп аңызға.
Арқыраған паровоз ем
Жаңа келген депоңызға.
Біреуге арқа сүйенуден
Тула бойым түршігіпті.
Бәрін қойып,
Үйленуден
Бастап кеттік тіршілікті.
Дос-жаранды қимай қойды
Дастарқаншыл көңіліміз.
Бір вагонға сыймай қойды
Бірер жылда мебеліміз.
Мекен етіп құба белді,
Деп жүргенде өмір көрсек,
Бір вагон боп шыға келді
Үйге керек темір-терсек.
Кісі болсақ оқымаған
Көгере ме бұтағымыз!
Біреу емес,
Екі вагон
Болды жиған кітабымыз.
Жолын кесіп даналықтың,
Байлық аты заулап шабар.
Жайлауындай қалалықтың
Дача, яки бау-бақша бар.
Жұртқа жағар жырлағанда
Жігіттердің серкелігі.
Сыйса жақсы бір вагонға
Әйелімнің еркелігі!
Бір вагондай әулетің бар,
Бір вагондай қарызың бар.
Бір вагондай міндетің бар,
Бір вагондай парызың бар.
Әлі күнге түсінбедім,
Берді маған еншіні кім?!
Бар және де ісімдегі
Бір вагондай кемшілігім.
Бірер вагон
Түсінік пен
Жиналған көп менде шындық.
Бір вагондай кісілік пен
Бір вагондай пендешілік.
Күтетұғын жұрт елеңдеп
Өлеңім де — кіреші өлең.
Вагондарды тіркегенде
Болды бүтін бір эшелон.
Ашуланып,
Қыр көрсетіп,
Маған мұның артық демен.
Соның бәрін
Ырс-ырс етіп
Өрге қарай тартып келем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Эшелон өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Эшелон өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Эшелон өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Эшелон өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері