Ауыл және жұмақ – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Ауыл және жұмақ» атты Қадыр Мырза Әли жазған жәннат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4990
Тақпаймын астананың бағына мін,
Тұрмыстың ағымына бағынамын.
Әйтсе де
Көкті сүзген мүйіз үйді
Көргенде
Киіз үйді сағынамын.
Асыққан уақыт бізбен кеңеспейді,
Сағыну — менің шаруам емес дейді.
Көргенде ала шабыр отар бұлтты
Көзіме ақтылы қой елестейді.
Бүгінде темір тұлпар,
Темір есек.
Бетеге,
Көде орнына көмір есеп.
Ойыма оралады бұзауқандар,
Бейуақыт паровоздар «мөңіресе».
Тыңдауға қарсы емеспін ақылыңды
Әйтеуір, кіналама ақыныңды.
Әдет те қалмайды екен —
Машинаға
Мінгенде қысып алам тақымымды.
Әуелден жырға ғашық,
Күйге ғашық,
Кәнеки,
Шарабыңды құй, нағашы!
Салады кемпірқосақ есіме ылғи
Қыздардың қызыл гүлді иінағашын.
Перзентің көптен бері қыр кезбеді,
Барады қарауытып нұр көздегі.
Көргенде мото мінген балаларды,
Еске алам тай жарысын бір кездегі.
Үйренгем ерттеп мініп мен дауылды.
Қызықпен мүмкін емес алдау ұлды
Жұмақты көрген жоқпын,
Көрер болсам,
Есіме салар еді ол да ауылды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауыл және жұмақ өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Ауыл және жұмақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауыл және жұмақ өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жәннат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ауыл және жұмақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері