Революция дәуірі
Бұл бетте «Революция дәуірі» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Махаббатқа мас болған гүл айында,
Жауқазын жас, санаңды сынайын ба?!
Сен қалайсың?
Бүгінде революционер
Көмірің де,
Газың да,
Мұнайың да!
Мәңкүр-мүңкір келгенде жан алымға,
Қалшылдайды капитал қамалында.
Бәрі-бәрі бүгінде революционер
Теңізің де,
Бұғаз да,
Каналың да!
Қалайсыңдар,
Мұрагер түлектерім?!
Есте бар ма кешегі түнек керім?!
Бүгін таңда жалынды революционер
Бүтін елдер,
Аралдар,
Түбектерің!
Дүниенің дүрлігер келді кезі,
Келешекті кемеңгер көрді көзі.
Шпалдарын асынған патронташындай
Революция матросы Жердің өзі!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі