Сен менің құшағымда
Сен менің құшағымда,
Шынында енді, шырайлым
Болмайсың ба?
Бағаламай бағымды тұсадым ба?
Сен менің құшағымда,
Шынында енді, шырайлым
Болмайсың ба?
Бағаламай бағымды тұсадым ба?
Бар қазаққа бөлгендей бақ-ырысты,
Қиял шіркін алысқа алып ұшты.
Шабытымның от-ойы лаулап жанып,
Созағымда жүрмін мен бәрі күшті.
Өмір деген ағады ағын судай
Кіршіксіз мөлдір бұлақ бастауындай
Бес күндік қайтып келмес өміріңнің
Бір жылатып,бір күлдіртер жалғанынай
Сан-ғасыр азат болар күнін күткен,
Жанын берген құрбандар талай көптен.
Бабалардың сақтағаны белгілі
Мұның "тарих" екенін қалам түрткен.
Өзгені сүй, сүйме мендей жанды,
Менен шықпайды қыз ұнамды.
Желмін, арпалысып қайтесің?
Тірлік қылмаймын жағымды.
Жалғыздықпен таппай жүргенде ем,
Мен өзіңмен жолығып қалып ем.
Көктем мезгілін ұнатпайшы едім,
Сәуір айын ұнаттым дегенмен.
Өзімді таппай келемін,
Сынығындай иненің,
Бас па? бас орнында,
ал жүрегім қайда менің???
Нұр төгілер көздеріңнен күлімдесең,
Қайғы мұңнан ажарың бүлінбесін.
Қиындықта мұңайма, түңілме сен,
Бәрі жақсы болады күліп жүрсең.
Бар табиғат сұлулығы бөктерінде
Таудай болғым келеді көк тіреген.
Аспаннан жұлдыз ағып, тіл қатса егер
«Айналдыршы мені тауға» деп тілер ем.
Елім менің азаттықты аңсап шын,
Батырларым күнін кешті азаптың.
Жүректілер ерлігімен көрініп,
Сақтады әрбір жерін қазақтың.
Жадау тірлік, ой кеміріп, кемді əр күн,
Қаңқу сөзге көндігерме енді əркім?
Əттең көңіл құлазыған ен дала,
Бір ғажабы, жүрегімде сен барсың!
Өрнектеп өлең жазсам өрбітіп бір,
Терең сөзден терілген төр күтіп тұр,
Абай атам абызы Алты алаштың,
Кер заманның кесірін көрді тіпті ұл.
Қазақ қызы намысым,арымсың
Бірің ана, бірің əпке, жарымсың.
Қазақ қызын бүкіл əлем тек қана,
Адалдықтың символы деп танысын.
А-лаңдаймын біздегі бұл өмірге,
Ә-лек болам салмасам деп көңілге.
Б-еріп келет сыйында өмір маған.
В-агондатып келген бұл сыйыңды алам.
Анашым, жүрегімде жанған отсың,
Ештеңе сөндіре алмас, сөнбес шоқсың.
Ақ сүтіңмен нәр беріп сәби күнде,
Аяусыз, жалғыз тастап көрген жоқсың.
Мен саған ғашықпын сенесің бе
Соңымнан жыр төгіп ересің бе
Шыңның биік басындағы шынардайын Жүрегімнің күлкісіне енесің бе
Мендік сана әлсіз еді кезінде,
Күш жинадым байқамаппын өзімде.
Айна алдында ойға шомып тұрғанда
Ұмтылыстың барын шалдым жүзімде.
Кемшіл жырым толықсыды сөзбенен,
Ұлы Абайдай жүргім келет ізбенен.
Мән,мағына,сана,түйсік,ақыл,ой
Жыр-дастанмен байланысып жатыр ғой.
Пырағы ең дүлділдің топқа қосса
Шатастырма өзгемен топтан озса
Шам шырағы жанатын алыс нұрдан
Жетелейтін шабыт беріп алыс жолдан
Тағатсыздық жете мекен түбіме
Жете алмадым шыдамдылық түбіне
Сан мəрте рет тұрып қайта шалындым
Жармасқандай балағына жалынның
Сыны кетпес соқпақтар,
Сезім гүлін қаптап дәл,
Көктен түсіп көбелек-
Жауып жатыр аппақ қар.
Алтын Орда, Ақ Орда ыдыраған кезі еді,
Хандық құру қазаққа, келген сол сәт кезгі,
Жаулап алу жерлерді қазаққа мақсат емес ті,
Айырмашылығы осы еді.
Терең теңіз ұшқыр ой батыр адам
Талай әнің шырқалды-ау сахнадан
Қара сөзге қуатты жан бітіріп,
Маңдайы ел алдында жарқыраған .
Қыс қыр асып кетті аулақ,
Шығады енді көк қаулап.
Наурыз тойы басталды,
Жерошақта от лаулап.
Поэзия падишасы сөзі дара
Гуманист ақындеп берт халықы баға.
Хантəңірдің биік бір шоқтығындай,
Мұқағали туылған Қарасазда!
Болсақта ұйымшыл бір азақ қана
Шыдайтын астан кестен мазаққада
Біреу құлап кетсе дағы көтеретін
Қазақты бір қорғайтын қазақ қана
Жарқыра жұлдыз көгіңде
Ардайым жүрші төрімде
Самғашы көкке самғашы
Жолдарың болсын өмірде
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі