Жұмысқа келгесін, компьютерді іске қосқанмен, интернетке кіре алмадым. Амал жоқ, жұмыс істеуге тура келді. Ілмектер: жұмыс, интернет, компьютер Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жұмысқа келгесін, компьютерді іске қосқанмен, интернетке кіре алмадым. Амал жоқ, жұмыс істеуге тура келді.
Мұғалім үй жұмысына жалқаулық туралы шығарма жазып келіңдер деп тапсырма берген болатын. Жалқаулықты кім ең жақсы түрде сипаттаса жүлде бар дейді. Сыныптағылардың пікірі бойынша бір баланың шығармасы жалқаулықты ең жақсы түрде сиппаттады деп қабылданады, бірақ әлгі балаға мұғалім екі қояды. Өйткені ол іші бос парақ өткізген болатын. :) Мұғалім, жалқаулық
Баласы мен әкесі: - Балам, өскенде кім болғың келеді? - Аяз ата! - Негеее? - О, күшті ғой қайта! Бір-ақ күн жұмыс істейсің да, 1 жыл бойы демаласың!!! Баласы мен әкесі, жұмыс
Кеше екі сағат бойына жарық сөніп қалды. Интернет өшіп, әбден әбігерлендік. Содан үйдегі адамдармен сөйлесіп, әңгімелесуге тура келді. Сөйтсем өздері жап-жақсы кісілер екен))) жарық, интернет
Профессор Дәрісханада бақылау жұмысы өтіп жатады. Кезекті бір студент жұмысын тапсырғалы тұрғанда оның қобалжып, абыржыған түрін көрген профессор: «Сіз неге соншама абыржып тұрсыз? Менің сұрақтарымнан қорқасыз ба?» - деп сұраса, студент: «Жоқ, мен өзімнің жауаптарымнан қорқып тұрмын», - депті. Профессор, студент
Ас үйге анамның жанына барып, қатты құшақтап, бетінен сүйдім. Енді отырып, әңгіме айтайын деп жатсам, "Не болды, балам? Мегабайтың бітіп қалды ма?"- дейді. Ана жүрегі деген, шіркін, бәрін сезіп қояды ғой!)) интернет, ана
Ворд, пайнт және гугл хромды жақсы қолдана білетіндіктен мені жұмыста «программист» деп атайды. Ворд, пайнт
Жұмыспен қамту орталғына жұмыс іздеп келген адамнан орталықтың қызметкері: - Бұрын не жұмыс істейтін едіңіз?- деп сұрайды. - Алматыда қолтырауын аулайтынмын. - О не дегеніңіз, Алматыда қолтырауын қайдан болсын? - Мен де сол себепті жұмыссыз жүрмін ғой,-деген екен. Алматы, крокодил
Әрбір шеккен темекі өмірімізді екі сағатқа қысқартады, әрбір ішкен арақ өмірімізді үш сағатқа қысқартады, ал әрбір жұмыс күні өмірімізді сегіз сағатқа қысқартады. өмір, темекі
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі