Көл жайлаған үйрек-қаз Шөл қадірін білмейді. Шөлде өскен бұлдырық Көл қадірін білмейді. Тауда туып, таста өскен, Ағайыннан басқа өскен Ел қадірін білмейді. Ілмектер: ағайын, ел Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Көл жайлаған үйрек-қаз Шөл қадірін білмейді. Шөлде өскен бұлдырық Көл қадірін білмейді. Тауда туып, таста өскен, Ағайыннан басқа өскен Ел қадірін білмейді.
Батыр туса — ел ырысы, Жаңбыр жауса — жер ырысы. батыр, ырыс
Ерте тұрған жігіттің Ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің Бір ісі артық. ырыс, жігіт
Ел көркі — мал, Өзен көркі — тал. ел
Жақсы әйел - жаман еркектің басын төрге сүйрейді, жаман әйел жақсы еркектің басын көрге сүйрейді. әйел, ерлі-зайыптылар
Ағайын тату болса – ат көп, Абысын тату болса – ас көп. ағайын, ынтымақ
Ата-ананың қадірін Балалы болғанда білерсің; Ағайынның қадірін Жалалы болғанда білерсің. ата-ана, бала
Халықтың қартын сыйлауы, Еліңнің салтын сыйлауы. сый, құрмет
Болатын елдің баласы Бірін бірі: «Батыр!»дер. Болмайтын елдің баласы Бірін бірі: «Қатын!» дер. бала, ел
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі